Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 900 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі өзгешелігі — халықтың қойып отырған талап-тілектерінің бәрі айтылғандығында. Жалпы мемлекеттің дамуы үшін үш тетік керек — халықтың денсаулығы, білімі және әлеуметтік жағдай. Олар шешілмей, біз ешқашан өркениетті қоғамға жете алмаймыз.Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Қарашық ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Ең алдымен Қарашық елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Хабибулла Азимовтың бастамасымен бой көтеріп жатқан 900 орындық заманауи Ясауи интелектуалды мектебінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Мектепте үш спорт зал, бассейн және жатақхана қарастырылған.

Бұдан соң аудан әкімі Қарашық елді мекенінің жоғарғы жағынан түсетін су қоймасына барды. Қосқорған су қоймасынан келетін ағын су жаз айында құрғап қалатындықтан Қарашық ауылының дихандары жыл сайын қиындық көріп отыр. Осыған байланысты ауылдық округ әкіміне ағын су мәселесін реттеу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Келесі кезекте нысанды аралау үшін әкім Қарашық ауылындағы жеке кәсіпкер Усан Умаровтардың отбасылық кәсібі – гүл өсіретін жылыжай жұмысымен тынысты. Кәсіпкердің гүлдерін бүгінде алыс-жақын облыстардан келіп үйлеріне, мемлекеттік ғимараттарға сатып алушылардың қарасы көп. Мұндағы жылыжайда отбасы бақыты гүліне көпшілік тарапынан сұраныс артқан. Кәсіпкер алдағы уақытта жылыжай аумағын ұлғайтып, кәсібін дөңгелетуді көздеп отыр.

Қатысты жаңалықтар

САЯСИ РЕФОРМАЛАР ЕЛ ӨМІРІНЕ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ӘКЕЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 125 ОТБАСЫ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙДЕН ЖАҢА БАСПАНАҒА ҚОНЫС АУДАРАДЫ

azatmedia

Жергілікті басқару жүйесінде елеулі өзгерістер көп

azatmedia