Соңғы жаңалықтар

Сәләфизм құрдымға жетелейді

Бүгінде өзін сәләфимін деп жүрген мұсылмандар «сәләф» сөзінің түпкі мағынасын қаралап жүр және олардың негізгі қара ниетті көзқарастарын төмендегідей үшке бөліп көрсетуге болады:

1. Барлық әлем тек мұсылмандарға қарсы жұмыс жасап отыр және әлем мұсылмандардың бұл өмірде дәрежесін төмен деп қарастырады. Бұған бірден бір себеп ол еврейлер, христиандар және шығыстанушы атеистер. Осы үш топ тарапынан бүткіл мұсылмандарға қарсы арнайы келісім шарт құрылған және олардың негізгі мақсаты мұсылмандарға қарсы жұмылдырылу болып табылады.

2. Осыған байланысты бүгінде мұсылмандар бірігіп мұндай дұшпандарға қарсы тұруы керек. Сонымен қатар қазіргі мұсылман әлемінде болып жатқан келеңсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін олардан кек алу қажет. Оларға қарсы тұру екі жолмен жүзеге асады. Біріншісі, кәпірлерді өлтіру. Мұндағы кәпірлер дегеніміз сәләфилермен санаспаған барлық адамзат. Екіншісі, діннен бас тартқандарды өлтіру. Діннен бас тартқандар деген мейлі ол мұсылман болсын Аллаһ Тағаланың шариғатымен жүрмеген, Құранмен үкім шығармағандар.

3. Бүгінде сәләфилер үшін басты жұмыс – идеологиялық жұмыс. Бұл дегеніміз сәләфизм жақтаушылары арнайы бір ұйым немесе басқарма құрып жұмыс жасамайды деген сөз. Олар өздерінің идеологиясын жіпке тізген құмалақтай бір ізді етіп халықтың арасында тұрақты уағыздаумен айналысады.

Сәләфизм жақтаушыларының осындай үш сатылы жұмысының нәтижесі жүзеге асу үшін біршама уақыт талап етеді. Салдарынан уақыт өтумен халықтың арасында бөлінушілік пайда болады да сәләфизм идеологиясы тез тарап бүгінде Ислам әлемінде болып жатқандай қантөгістерге алып келеді. Өкінішке орай мұндай идеологияның жетегінде жүргендер оның парқына бара бермейді және оның арғы жағында дін емес саясат жатқанын көбісі аңғармайды.

Қазіргі таңда сәләфизм (уахабия) идеологиясы – ақиқаттың бетін жабушы болып қалыптасып үлгерді сондай-ақ, мұсылмандардың өркендеуіне, діни тұрғыда ілгері дамуға және де Ислам әлемінің соның ішінде Мысыр елінің әлемдік аренада барлық жағынан қалыс қалмауға барынша кедергі болып жатыр.

Ең сорақысы аталмыш идеология экстремистер үшін тура ақиқатқа барар жол болып қалыптасқан. Мұндай көзқарастағы адамдар кез-келген елдің тыныштығын бұзуға, адами құндылықтың жойылуына және белгісіз қияли армандармен өмір сүруге алып келетін, өзгенің қалауымен жүретін қоғам дерті болып өседі. Демек, мұндай адамдар өзінен басқа айналасындағы адамдарға зиянын тигізеді және елдің болашағына балта шабады деген сөз.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: «Күнде жылаймын»

azatmedia

Кезекке тұрудің өзі 387 мыңнан басталады. Қоғам не үшін дүргілуде?

azatmedia

Дамыған елдердің экономикасы қысқаруда

azatmedia