Соңғы жаңалықтар

Діни экстремизм мен терроризмді насихаттауға жол бермеу

Деструктивті діни ағымдардың радикалды ниеттері туралы сөз болғанда бірінші кезекте Ислам діні мен экстремизм ұғымдары пайда болады. Алайда, ол дұрыс емес. Ислам діні ешқандай экстремизмге де, терроризмге де қатысы жоқ.

Экстремизм – ұлттық  қауіпсіздіктің  негізгі қорқынышы. Қазіргі таңда ғылыми және технология дамуының шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы уақытта діни экстремизм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдары бетінен жиі орын алуда.

Бұл оқиғалар Ислам дініне де өз әсерін тигізетіні анық. Бірақ Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Исламның ішіндегі эктремистер деп айтылып жатқан сөз жөн емес. Ислам деген дүниежүзілік дін. Екі миллиардқа жақын халық мұсылман дініне бағынады. Сондықтан әлгі бандиттер мен экстремистер әр дінде болып жататын жағдай. Ол  екеуін  біз  ажыратып айтуымыз керек. Ал енді Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбарымыздан, діннен қалған мәселелер ондай емес, еш уақытта мұсылманның діні соғыспен,   қолына   қару-жарақ алып  біреуді өлтіріп, заңсыздыққа барып, мемлекетке қарсы жүру деген мәселелер болмайды мұсылманда. Сондықтан осындай нағыз таза мұсылманның, Құранның  жолыменен  халық  жүретін болса, ол елге жақсылық әкеледі, әр адамның өзіне де жақсылық әкеледі деген сөз» деген болатын.

Жалпы Ислам діні тазалықты талап ететін дін, адамның жаратылысымен пайда болған әртүрлі қажеттіліктерін таза  жолмен  табуды, қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат қылықтарды жақтырмайды. 

Діни экстремистік бағыттағы қылмыстар қылмыскерліктің құрамдас бөлігі болғандықтан, негізінен осы қылмыс түрінің себептік негіздері  бойынша ғалымдардың зерттеуінде жалпы экстремизм түрлерінің таралуына экономикалық, этникалық, тарихи, психологиялық, әлеуметтік және саяси мән-жайлардың жиынтығы себеп болғандығын көрсетеді.Дін ұстануда өте абай болып, дәстүрлі дін өкіліне жүгенгеніміз жөн.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

«ШЫМКЕНТ МАЙ» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙДІ

azatmedia

Әлеуметтік көмекпен әлеуетін түзеген

azatmedia