Санатталмаған

СУ БАСҚАН АУЫЛДАРДА ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мақтаарал ауданында тасқын судың астында қалған мал өлексесі сыртқа шығарылып, арнайы пеште өртелуде. Зиянды қалдықтарды 1200 градус температуда өртейтін пеш Нұр-Сұлтан қаласынан алдырылған.

Бүгінгі күнге дейін су астында қалған ауылдардан 908 бас үй жануарларының өлексесі шығарылды. Олардың ішінде 856 ұсақ мал, 39 ірі қара, 7 жылқы, 6 түйе бар.
Өлген малдан тазартылған аумақтарды жағымсыз иіс пен зиянды қалдықтардан арылту үшін 219 тонна арнайы дәрі себу арқылы залалсыздандыру жүргізіледі.

Қазіргі таңда ол дәрілердің 100 тоннасы жеткізілді. Ауа-райы қолайсыздық тудырмаса 5 күн ішінде 4 миллион 188 мың шаршы метр аумақты дәрілеу жұмыстары жүргізіліп бітеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Тағаев Арман мәлімдеді.
Дегенмен, су астынан шыққан мал өліктерінің көпшілігі Өзбекстан Республикасына тиесілі болғандықтан оларға арнайы мал ауруларына арналған вакцина егілгені жөнінде мәлімет жоқ. Сондықтан, ондағы мал өліктерін жеп, ауру тарату қаупі туындап, сол аймақтағы иттердің де көзін жою жұмыстары егелеріне ескерту арқылы жүріп жатыр.

Сонымен қатар, топан сумен бірге ағып келген балықтардың да сынамалары алынып, балық инспекциясы лабороториялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зерттеу нәтижелері анықталғанша балық аулауға рұқсат берілмейді.
Бұл жұмыстардың барлығына арнайы техникалар жұмылдырылған.
Атап өтейік, ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Сібір жарасының ошақтары тіркелмеген.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру