Соңғы жаңалықтар

КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕГЕНДЕР ТЕКСЕРІЛДІ

Көлік салығын төлемеген салық төлеушілерді анықтау мақсатында Дербісек ауылдық округі әкімі, салық инспекторы және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Жеке тұлғалардың көлік салығын өндіруді көздеген рейд жұмыстары барысында көлік құралының салығын төлеген-төлемегені жөнінде тексерді.Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 35- бабында «Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрі мiндетi» екендігі анық жазылған. Мемлекеттік кірістер басқармасынан алынған тізімге сәйкес, көлік құралы бар жеке тұлғаларға талдау жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде салық заңнамасына сәйкес көлік салығын төлемеген жеке тұлғаларға хабарламалар жолданып, салықтарын өндіру жұмыстары қолға алынған. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы төлеу, салық заңдылықтарын сақтау – мемлекетіміздің алдындағы ортақ борышымыз. Бүгінде салықтан жалтарған көлік иелерінің саны 654 адамға жеткен. Ауылдық округ бойынша көлік салығы бойынша қарыз 6 млн 638 мың теңге. Алдағы уақытта көлік салығын төлемегендердің құжаттары тиісті заңдылықтарына байланысты сотқа жолданып, мүлкінің есебінен өндірілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР САНЫ АРТАДЫ

azatmedia

Азаматтар тұрақты медициналық емін қабылдауда

azatmedia

«Тәуекел деп осы жолды таңдадым» – желі қолданушылары Кентау тұрғынына алғысын жаудыруда

azatmedia