Санатталмаған

ӘСКЕРИ САРБАЗДАР ЕРЛІГІ

Техногендік апаттың салдарын жою, тілсіз жаумен күрес – бұл Мақтаарал ауданында техногендік апат салдарын жоюға келген әскерилердің күнделікті өмірі.

Оңтүстікке көмекке келген ұзынағаштық 28237 әскери бөлімінің жедел механизацияланған отряд сарбаздары 10 мамыр күні Жеңіс елдімекенінде газ құрылғысымен жабдықталған Мерседес автокөлігінен өрт шыққанын байқайды.Оқиға орнына жедел барған әскери қызметшілер автокөліктегі өртті сөндіріп, көлік иесіне көмектеседі. Шұғыл әрекеттің арқасында көлік иесіне зақым келмеген. Бұл батырлардың есімі – майор Жұмабеков Бауыржан және қатардағы жауынгер Нури Бағлан.

Ал Шымкент қаласынан келген 6506 әскери бөлімінің қызметкерлерінен құралған жасақ Мырзакент ауылында патрульде жүріп, таңғы 4-5 шамасында тұрғын үйлердің бірінен газ баллонының жарылғанына куә болады. Өрт басталған үйдің есігін ашып, көршілеріне хабар бере отырып, үй иесін шақыртады. Кезекші аға лейтенант Құдайбергенов Серік өрт болған жерге учаскелік полиция қызметкерін және өрт сөндіру командасын шақыртады. Өртті сөндіріп, адамдар қауіпсіздігі үшін шеп құрады. Бұл сарбаздардың күнделікті басынан өткізіп жатқан оқиғалардың бір парасы ғана.

Атап өтейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақта 1626 адам, 324 техника, 17 қайық, 217 мотопомпа жұмыс істеуде.

© Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру