Саясат

ШЫМКЕНТТІК ДЕПУТАТ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТТІ

Шымкент қаласында тозығы жеткен жолдың азабын көрген Тассайлықтар мәселесін арқалап, халық қалаулысының қабылдауына келіп, өз шағымдарын жеткізген болатын, – деп жазады Аnyqtimes.kz.

Қабылдауда Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Жадыра Танатарова Тассай елдімекені тұрғындардың мәселесін тыңдады.

Мәселенің өзекті әрі жолдың бүгінгі таңда қауіпті екенін ескере отырып, әрі «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында депутат аталған мәселені шешуге уәде етті.

Халық қалаулысы мәселеге байланысты жауапты құзырлы мекеме басшыларын шақырып, тұрғындармен арнайы кездесу ұйымдастырды.

Жиынға келген Шымкент қалалық жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жауапты мамандары көтерген мәселені ескеріп, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, алдағы жылы жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін қала бюджетінен қаржы қарастырылатынын айтты.

Бүгінге дейін жол азабын тартып келген тұрғындардың мәселесі оң шешімін тапты. Нақтырақ айтсақ, қазіргі уақытта жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

“ДӘРІГЕРДІ ОЙЛАЙТЫН ДЕПУТАТ БАР…”

azatmedia

Танымал блогер айрықша ұсыныс айтты

azatmedia

«Заң сондай, премиямыз заңды» – Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде жауап берді

azatmedia