Санатталмаған

БАС МҮФТИ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

AZATMEDIA.kz. Бүгін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында топан судан зардап шеккен мақтааралдық тұрғындармен кездесіп, олардың қазіргі жай-күйіне қанықты. Қонақты күтіп алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев су алған ауылдар мен эвакуациялық бекеттерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Наурызбай қажы Тағанұлы Мақтаарал ауылдық округі мен Атакент кентіндегі эвакуациялық бекеттерде болып, сонда уақытша орналастырылған тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында азаматтарға ауызашарға арнап «Рамазан тәттісін» ұсынды.

«Апат айтып келмейді. Жаратушы бізге осындай сынақ берген екен. Ендеше сабыр сақтай отырып, сынан сүрінбей өтуді жазсын деп тілейік. Өздеріңіз білетіндей, еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген көмек арқылы барша халық қолдау танытып жатыр. Көмек қолын созып мақтааралдықтармен бірге екенін білдіріп жатқан барлық азаматтарға Алла разы болсын. «Әрбір істің қайыры болады» демекші Алла қаласа Үкімет тарапынан салынып жатқан су жаңа үйлерге қоныстанатын боласыздар. Бұдан кейін қуанышты күндер көп болсын», – деді Бас мүфти.

Бас мүфти өзімен бірге орталықтандырылған қоймаға 30 тонна ұн алып келді. Сондай-ақ, ол облыстық қайырымдылық қорына көмек ретінде аударылатын 10 млн. теңгенің сертификатын табыстады.
Сапар соңында Наурызбай қажы Жетісай ауданында болып, «Баспанаға жол» қайырымдылық қоры есебінен салынған 3 бірдей үйдің кілтін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға салтанатты түрде табыс етті.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру