Соңғы жаңалықтар

«НҰР-СҰЛТАН – ЕЛ АЙНАСЫ, ЕЛ АСТАНАСЫ» ШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» орталығында 6 шілде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай «Нұр-Сұлтан – ел айнасы, ел Астанасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Рухани шараға Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің маманы, тарихшы Жантөре Әшім, ОҚМПУ рухани жаңғыру және тәрбие бөлімінің басшысы Қ.Анарбаев, Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының маманы С.Назарова, «Жанубий Қозоғистон» газетінің бөлім меңгерушісі М.Усманова, «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппар және т.б университетіміздің оқытушы профессорлар құрамы қатысты.

Аталмыш іс-шарада тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б.Садықов Нұр-Сұлтан қаласының тарихы туралы баяндама жасап, 23 жылдық тарихы бар Астанамыз туралы видео ролик көрсетілді.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы қонақтар өз ойларымен бөлісіп пікір алмасты. Іс-шара барысында жиынға қатысушылар, ұйымдастыру алқасына өз ризашылықтарын білдіре отырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жастарымызға берер тәрбиесі мол екендігін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда оқыс оқиға болды

azatmedia

Жұмыссыздық деңгейінің өсетіні болжануда

azatmedia

ӨҢІРДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ САРАЛАДЫ

azatmedia