Санатталмаған

МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ӘКЕЛУШІЛЕРГЕ ТЕГІН ҚЫРЫҚҚАБАТ ТАРАТУДА

AzatMedia.kz. Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды.

Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, тұрмыстық-техникалық, құрылыс заттары және киім-кешектер.
Еліміздің барлық өңірлерінен келіп жатқан көмекке алғыс қайтару мақсатында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен жеке кәсіпкер Қанат Маратұлы 600 тонна қырыққабатты гуманитарлық көмекті тиеп алып келген өңірлердің жүк көліктеріне тегін таратуда. Оның айтуынша, мақтааралдықтарға қиын тұста көмек қолын созған азаматтарға алғыспен жауап қату – азаматтық парыз болмақ.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда эвакуациялық пункттерде орналасқан азық-түліктің 218 тоннасы тасқыннан зардап шеккен тұрғындар тарқатылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру