Соңғы жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ТЕГІН ЖҮРУГЕ БОЛАДЫ?

Төлем картаңыз бола тұра жүйе жұмыс істмесе онда Сіз қоғамдық көліте тегін жүруге құқылысыз, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің «Instagram» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфир барысында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е. Жолдасов мәлімдеді.

«Қоғамдық көлікте егер қолма – қол ақша берсеңіздер кондуктордан міндетті турде жүру билетін талап етіңіздер. Егер билет бермесе немесе Төлем картаңыз бола тұра жүйе жұмыс жасамаса сіздер ТЕГІН жүруге құқылысыздар», – деді басқарма басшысы.

Қаладағы эпидахуалдың тұрақсыз екенін айтқан ол автобусқа мінгенде және халық көп шоғырланатын жерлерге барғанда міндетті түрде санитарлық талаптарды сақтап, маска тағып жүрулерін сұрады.

Басқармаға келіп түсетін сұрақтардың 80% жолаушылар көлігіне қатысты. Сондықтан бүгінгі тікелей эфир барысында басқарма басшысы тұрғындарды мазалап жүрген сауалдарына жауап берді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БЕС АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАНҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың Елбасыға жазған хаты елді елжіретті

azatmedia