Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгінгі жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясында Еңбекші ауданының әкімі тағайындалды. Сессияда депутаттар Есілбек Досбол Күздікбайұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Еңбек жолында әлеуметтік салада қызмет атқарып, халықпен тікелей байланыста жұмыс жүргізіп келген Досбол Күздікбайұлының жұмысына сәттілік тілеген қала басшысы Мемлекет басшысының аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауда біліктілігі мен тәжірибесі жететініне сенім білдірді

.Досбол Күздікбайұлы 1983 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер – технолог, мемлекеттік басқару бакалавры. Еңбек жолында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік жұмыс жөніндегі инспекторы, аталған әкімдікте халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

2013 жылдан бері Еңбекші ауданы әкімі лауазымын басқарып келген Ғалымжан Ильясов ауданды дамытуға көп еңбек сіңірген. Абыройлы қызметі үшін «Құрмет» орденімен наградталды.

Қатысты жаңалықтар

ANTIKOR.LIVE: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Қазақстанда 163 мыңнан астам шетелдік жұмыс істеп жатыр

azatmedia

ШЫМКЕНТЕ ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА 2 ГИС, AR-SHYMKENT ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ АСУДА

azatmedia