Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желіні шулатқан ордабасылық мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатысты тың дерек шықты

Түркістан облысындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бейәдеп қылығы әлеуметтік желіде тарады. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан әйелді іздеп барған тілшілерге мектеп директоры «оған қатысым жоқ, ол адамды жоғарыдан қоңырау шалып, жұмысқа алдыртқан еді» деп ақталған, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіні шулатқан бұл видеодағы Ордабасы ауданы Бадам ауылының тұрғыны. 34 жастағы келіншек Айтбай Шерімқұлов атындағы орта мектептегі жоғары лауазымды қызметке тағайындалғанына көп бола қоймапты. Шаруашылық меңгерушісі, үш айдай бастауыш сыныптарға дене-шынықтырудан үйірмеде жетекшілі еткен. Былтырғы қарашадан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болыпты. Бірақ аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан қызметкерін, директор бұл қызметке, өз еркіммен қойғаным жоқ деп ақталды. Жоғарыдан тапсырма болды деп тұр.

Өмірзақ АҚБӨПЕ, А.ШЕРІМҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Жоғарыдан болғанда әкімге тапсырма берілген. Замы Орал Азат Оралбаев шақырып алды алдына. Бір барып қайттым. Одан кейін ол білім бөліміне тапсырма береді даже, сонан кейін барып ең соңында маған келеді. Мен алуға мәжбүр болдым. Алдым.

– Алуға болғанда завучтыққа қоюға ма әлде мектепке қабылдау ма?

–Завуч. Аты-жөні – Ұлжан Елмұратова. Осы қызметке былтыр 11-қарашада қабылданған. Содан бері істеп жатыр.

Директордың дерегінше, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары отбасылы, төрт баланың анасы. Мектепке келгенше бірнеше балабақшада меңгеруші болғанын айтты. Айтпақшы, бейнежазбадағы азаматшаның ер адамға не себепті былапыт сөзді қарша боратқаны бізге белгісіз. Желіні шулатқан жанның өзімен тілдесудің сәті түспеді. Ол қазір кезекті еңбек демалысында. Бірақ мына шудан соң мектеп басшысы да оны таппай жүр. Бүгіндікке үйіне бірнеше рет барып қайттым дейді. Естуінше, ауруханаға жатып қалған көрінеді. Сол себепті аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы, арнайы ұсыныс хатты пошта арқылы жеткізіпті.

Шұға НҰРАБАЕВА, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

– Ұсыныс хатта жазамыз 17-сі күні сағат 16-00- ге дейінгі уақытта мектепке өндірістік қажеттілікке байланысты жұмысқа түсуіңізді сұранамыз деп жазамыз. Егерде ол кісі біздің алған хабарламамызға қол қойып алып тұрып келмеген жағдай болатын болса, онда мектептегі өздерінің тәртіптік кеңестері кеңестері бар мектеп ішінде, әкімшілік кеңестері бар өздері жиналып осындай кешегі Фейсбуктағы жағдайға байланысты толық жұмыстан шығаруға мүмкіндіктері бар.

Айта кетейін, аталған мектепте, 800-дей бала оқиды. Жүзден астам мұғалім бар. Мектеп басшысы желіні шулатқан қызметкерінің бұл алғашқы шуы емес деп отыр. Тіпті зейнетке шығуға аз қалғанда абырой әпермегенін айтып, бармағын тістеуде.

Өмірзақ АҚБӨПЕ, А.ШЕРІМҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Айналайын деп бұрын да ескертілген. …Тем более сен тәрбие завучысың… Талай рет ескертілген.

Бұл шудың немен аяқталары әзір белгісіз. Белгілісі тәрбие ісі орынбасарының тәртіпсіз әдебі қоғам арасында дау туғызды.

Қатысты жаңалықтар

1 қыркүйек алдында бала иммунитетін қалай көтеруге болады

azatmedia

ПНЕВМОНИЯ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

azatmedia

Шымкент: «Nur Otan» партиясының белсенділері ауқымды іс-шара ұйымдастырды

azatmedia