Қоғам Соңғы жаңалықтар

Оралда әскери сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Оралда әскери борышын өтеп жатқан сарбазға оқ тиіп, салдарынан көз жұмды. Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, – деп хабарлайды zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған. Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жәнібек Сәрсенов, №5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Қарудан өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз.

Қатысты жаңалықтар

«Нұрғали ағадан кешірім сұраймын» – телеарна басшысы неліктен кешірім сұрады?!

azatmedia

ТҮЛКІБАС: ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

azatmedia

Beverage Industry Capitalizing on Countries with Fewer Health Regulations

azatmedia