Санатталмаған

«ТҮРКІСТАН БАҚ – 2020» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

???Құрметті БАҚ өкілдері!

«ТҮРКІСТАН БАҚ – 2020» байқауының басталғанын хабарлаймыз.

?Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
?Мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету.
? Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылғы 1 шілдесінен кешіктірілмей өтеді.
?Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 2020 жылғы 15 мамырдан бастап «Túrkіstan BAQ – 2020» шығармашылық байқауына материалдар қабылдауды бастайды.

?Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері Түркістан облысының дамуына қатысты позитивті материалдарын 2020 жылдың 15 маусым, сағат 19.00-ге дейін тапсыра алады.
?Бұл байқауға өңірдегі БАҚ саласындағы кез келген ұжым, журналист қатыса алады.
?Байқауға БАҚ өкілдері 2020 жылғы 5 қаңтардан бастап, 2020 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған материалдарын жолдауы тиіс. Бір журналист үш (3) материал ұсына алады.
?Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, ұйымдастырушының uvpkonkurs@mail.ru электронды поштасына жұмыстарды жолдау қажет (ТО Қоғамдық даму басқармасы, Ақпараттық ресурстар және БАҚ мониторингі бөлімі).

?Сонымен бірге Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі), 2 қабат 6 кабинет мекенжайына жеткізуге болады.

Байқау тізбеге сәйкес келесі номинациялардан тұрады:

1. «Алтын қалам»
(Мерзімді басылымдағы үздік талдау-сараптама үшін)
2. «Tүркістан-Темірқазық»
(телеарнадағы ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған үздік сюжет)
3. «Объектив»
(Фотографтар, телеоператорлардың өңір туралы үздік жұмыстары үшін)
4. «Тұран сайыпқыраны»
(Республикалық, облыстық БАҚ тілшілерінің үздік жұмыстары үшін)
5. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Ұлы Абай» тақырыбындағы үздік деректі фильмі
6. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фараби феномені» тақырыбындағы үздік деректі фильмі
7. «Түркістан жанашыры»
(Өз энтузиазмымен өңір туралы блогплатформалар мен тұғырнамаларда, әлеуметтік желілерде позитивті жаңалық жариялаушы желі белсенділері мен фрилансерлер)
8. «Алтын көпір»
(Әкімдік пен журналистер қауымының арасында алтын арқау болған белсенді баспасөз хатшыларының еңбегі үшін)
9. «Жаңа ақпарат» – облыс көлемінде республика бойынша үздік сайтты марапаттау.
10. «Үйлесім»
(Үздік корректор мен дизайнер және монтаж жасаушыларға және техникалық қызметкерлерге арналған сыйлық).

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен сабақтастырылады.
Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Байқау комиссиясы – Түркістан облысы әкімі жанындағы БАҚ жөніндегі кеңес мүшелерінен тұрады.
Байқау комиссиясы үміткерлерді іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:
материалдардың байқау талаптарына сәйкестігі;
материалдың объективтілігі;
кәсіби шеберлігі;
журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы: Байқауға Түркістан облысына қатысты әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, сараптамалық, ақпараттық материалдар қабылданады.
Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
Баспасөз материалдары Microsoft Word және PDF форматында жарияланымымен қоса өткізіледі (сканерленген көшірмеде атауы мен баспасөз БАҚ-тың шығыс деректері болуы керек). Сондай-ақ түпнұсқасын әкелу құпталады;
ТВ-материалдары DVD-дисктерде беріледі, фото жұмыстар – CD немесе DVD-дискте;
Бейнематериалдар 1920 х 1080 full HD кем емес рұқсатымен DVD форматта, хронометраж – 1 (бір) минуттан кем емес (бейнесюжеттер үшін) және 15 (он бес) минуттан (деректі фильмдерге немесе телебағдарламалар үшін) кем емес;
Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушымен беруге болады.
Өтінім мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өткізілуі керек.
Байқау тақырыбына, қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқау жұмыстарының мәлімделген тақырыпқа сәйкестілігін Байқау комиссиясы анықтайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ
Комиссия құқылы:
– осы байқау туралы ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде байқауға қатысушыны қабылдамауға;
– Байқау комиссиясы байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.
Комиссия міндетті:
– Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;
– Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;
– Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге.
Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2020 жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей өткізіледі.

Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі), 2 қабат 6 кабинет. Байланыс телефоны: 7 775 368 5785 Эльвира Арыстанбекқызы, 8 705 491 22 97 Нұрбол Бауыржанұлы.
электронды пошта: uvpkonkurs@mail.ru

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру