Соңғы жаңалықтар

«Біз бақытты баламыз!»

«Біз бақытты баламыз!» Осындай атаумен Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекенінде халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті, деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «anyqtimes.kz»ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Зерек бала» бөбекжай балабақшасында ұйымдастырылған кеште балғындар бар өнерін ортаға салды.

«Зерек бала» бөбекжай балабақшасы 2019 жылы ел игілігіне берілді. Мекеме 180 балаға шақталған. Жалпы 37 адамды жұмыспен қамтып отыр. Балалар мен үздіксіз жұмыс істеп, оларға бағыт бағдар бергенде ғана тәрбиеші жұмысы нәтижелі болмақ. Сәуір айында педагог-тәрбиешілердің жұмыс сапасын арттыру мақсатында аудан көлемінде ұйымдастырылған семинар өтті. Мамандардың біліктілігі біз үшін өте маңызды дейді,- Раушан Қаныбекова .

Айтып өтейік, «Зерек бала» бөбекжай балабақшасын биыл 30 бүлдіршін бітіріп отыр. Бұйыртса барлығы осы жылы мектепке барады. Сондықтан бақша тәрбиешілері оларды мектепке дайындады. Нәтижесінде бөбекжай бітірушілері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерді. Бүгінгі мереке қарсаңында бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Іс-шара соңында  Ордабасы аудандық  Кәсіподақ ұйымының  басшысы Қайрат Төлебаев тәрбиешілер мен қызметкерлерді арнайы құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар «Зерек бала» бөбекжай балабақшасының құрылтайшысы Қаныбекова Раушанның Кәсіподаққа сіңген еңбегі еленіп, Облыстық арнайы төсбелгісіне ие болды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН АРАЛАДЫ

azatmedia

ВПЕРВЫЕ ДЛЯ КАЗАХСТАНА В МЕЖДУНАРОДНОЙ КОНФЕРЕНЦИИ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ ШЫМКЕНТСКИЙ ВРАЧ-ТРАНСПЛАНТОЛОГ

azatmedia

Оқушылардың қанша күн демалатыны белгілі болды

azatmedia