Соңғы жаңалықтар

БАЛАНЫҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ордабасы ауданында карантин талаптары аясында бірқатар іс-шаралар өтті. Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев мүмкіндігі шектеулі Әбілдә Қарақаттың үйіне арнайы барып, бүлдіршінге аудан әкімінің сыйлығын табыс етті. Қарақат өзге құрбылары секілді қалыпты дамып, балабақшада, мектепте белсенділігімен ерекшеленіп жүрген бүлдіршін болатын. Өкінішке орай, денсаулығы сыр беріп, бүгінде дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынды. Сонымен қатар, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, «Самұрық» аллеясында балалар арасында сурет салудан байқау ұйымдастырылып, қуыршақтардан мерекелік тарту үлестірілді. Аудандық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер «Балаға бақыт сыйла» акциясына белсенді қатысып, аудандағы мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, сый – сияпат тапсырды. Жалпы, өткен шарлардың негізгі мақсаты – балалардың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау, оларға қоғам болып қолдау көрсету, сапалы білім алуына жағдай жасау және саналы ел азаматы болып қалыптасуына үлес қосу.

Қатысты жаңалықтар

Кредит кешіріле ме? – Мамин жауап берді

azatmedia

«Енем өтірікші әйел»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Мөлдір ажырасқалы жатыр

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ С НАЧАЛА ГОДА ПО КРЕДИТНЫМ НАПРАВЛЕНИЯМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПРОГРАММЫ «НҰРЛЫ ЖЕР» ЖИЛЬЕМ ОХВАЧЕНО 1299 ГРАЖДАН

azatmedia