Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚОНАҚТАРЫНА ҰЛТТЫҚ КӘДЕСЫЙЛАР ТАРТУ ЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы жыл басында «30 туриске – 30 сыйлық» акциясын қолға алған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай бастау алған іс-шара аясында қаламызға келген қонақтарға ұлттық кәдесыйлар тарту етілуде. Шымкент теміржол вокзалы мен әуежайына келіп түскен қонақтарға мегаполистің туристік логотипіне айналған қызғалдақтар мен түрлі пішіндегі магниткалар сыйға берілуде. – Қызғалдақтың отаны – біздің өңіріміз. Сондықтан осы гүлді брендімізге айналдырып, әлем қызғалдақ арқылы Шымқаланы танып-білсе деген мақсатымыз бар. Сондай-ақ, бүкіл әлемнің туристеріне тән дәстүр – өздері саяхаттаған елдімекен бейнесіндегі кәдесыйларды жинау. Еліне қайтқан қонақтар Шымкентке қайта оралатындай әсер қалдыру мақсатында «30 туриске – 30 сыйлық» акциясын қолға алдық. Алдағы уақытта акцияға ұлттық болмысымызды айшықтайтын жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін ұсынуды жоспарлап отырмыз, – дейді «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығының басшысы А.Раманов. «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы Шымкенттің оң имиджін тек ел ішінде ғана емес, шетелге танытуға серпін беретін мұндай бастамаларды тұрақты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Себебі, әр турист біз үшін маңызды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАР КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

azatmedia

Шымкент: «Алып қашуға» көнбеген қыз терезеден секіріп кетті

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРІНДЕ АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРІСІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia