Санатталмаған

АССАМБЛЕЯДАН 180 ТОННА КӨМЕК КЕЛДІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 16 жүк көлігімен 180 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Ал кеше Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, 8 жүк көлігіне тиелген 98 тонна азық-түлік, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа тұрмыстық заттар жөнелтілген болатын.

Көмек керуені жолға шығар алдында ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ақжол тілеп, қайырымдылық көмекке атсалысқан этнос өкілдеріне алғыс білдірді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Соның ішінде Алматы өзбек этномәдени бірлестігі, Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени бірлестігінің филиалы, Алматы қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі, Қазақстан Дүнген қоғамының Алматыдағы филиалы, сондай-ақ «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі және басқа да орталықтардың еңбегін айрықша атап өтті.

Жансейіт Қансейітұлы өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 4 мамырда Мақтааралдағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсету акциясын бастап, этномәдени бірлестіктерден түскен қаржы көлемі 23 млн. 325 мың теңгені құрағанын жеткізді. Алматыда 98 тонна күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар мен химиялық заттар, азық түлік және басқа керек-жарақ жиналса, Жамбыл облысы Қордай ауданы 5 млн. 500 мың теңгеге азық-түлік жөнелткен. Гуманитарлық көмек тиелген керуендердің жалпы саны – 20 жүк көлігін құрайды. Олардың ішінде Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы ұйғыр этномәдени бірлестігі, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды түрлі этнос өкілдері бар. Мұнымен бірге Кентау қаласы Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығынан көмек келіп жетті.

Аталған гуманитарлық көмекті Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит бастап келді. Сондай-ақ, Мырзашөлге жеткен керуенді Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Балабиев, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Рысбеков Ғани Құрмашұлы мен түрлі этномәдени бірлестіктің төрағалары мен мүшелері күтіп алып, алматылық ағайындарға зор алғыстарын білдірді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру