Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыздарға қатысты жаңа дерек жарияланды

2021 жылдың I тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздар саны өткен жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 1,7 мың адамға азайды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясы кезеңінде шектеу шараларына қарамастан, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейінің өсуі тіркелген жоқ.

Мәселен, 2021 жылдың I тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,1%-ға жоғары.

Салыстыру үшін, пандемия кезеңінде дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейінің күрт өсуі байқалды: АҚШ-та 8,1%-ға дейін (+4,4%), Канадада 9,6%-ға дейін (+3,9%), Испанияда 15,5%-ға дейін (+1,4%.).

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың I тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамту экономиканың барлық салаларында қалпына келтірілді, өсім орта есеппен 1,8%-ды құрады.

ҚР Үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы жоспарлы шаралар пандемияның еңбек нарығына салдарын теңестіруге мүмкіндік берді.

Тек 2020 жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтудың түрлі шараларымен 1,4 млн-нан астам қазақстандық қамтылды.

Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту бойынша кешенді жұмыс жалғасатын болады.

Жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген қазақстандықтар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады, жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмысқа орналасуда білікті көмек ала алады.

Қатысты жаңалықтар

МЕКТЕП ЛОГОПЕДТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia

МҰҒАЛІМДЕРГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 250-ДЕН АСТАМ НЫСАН СӘЙКЕСТЕНДІРІЛЕДІ

azatmedia