Санатталмаған

500 ЕРІКТІ ЖӘРДЕМДЕСУДЕ

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Мақтаарал ауданында жұмыс істеп жүрген еріктілермен кездесті. Олар басқосуда волотерлардың жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта атқарылатын шаруаларды түсіндірді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Ауданда орын алған төтенше жағдайға байланысты облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жастар орталығының жанынан «Біргеміз, Мақтарал» волонтерлар штабы құрылған. Штаб жетекшісі болып «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Амалбек Өміртай бекітілді.

«Мақтаарал ауданындағы тасқын су салдарынан қиын жағдайда қалған ауыл азаматтарына көмектесу және төтенше жағдайдан келген зардаптарды жою жұмыстарына жалпы 500-дей ерікті атсалысуда. Оның 150-ге жуығы тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Еріктілер Жамбыл ауылдық округіндегі №36 жалпы орта мектебіне жайғастырылып, олардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды. Қазіргі таңда волонтерлар облыстық төтенше жағдай штабы тарапынан ұйымдастырылған барлық жұмыстарға атсалысуда. Атап айтқанда, тасқын суда қалған ауыл азаматтарын эвакуациялық бекеттерге орналастыру, гуманитарлық көмекке келген тауарды тасымалдау, мұқтаж азаматтарға үлестіру сияқты шаруаларды атқаруда», – деді А.Өміртай.

Аудандағы ауылдарды тасқын су басуына байланысты жалпы 31 мыңнан астам азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланса, бұл жұмыста да да еріктілердің үлесі бар.

«Волонтерлық жұмыстарға «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері де белсене қатысуда. Еріктілер эвакуациялық бекеттерде күштік құрылымдардың шаруасына да көмектесіп жатыр. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күндерде жергілікті ауыл жастарынан ұйымдастырылған волонтерлық топтар 12 шақырым қорғаныс бөгеттерін тұрғызуға атсалысты. Сонымен қатар, олармәдениет, қоғам қайраткерлерімен бірігіп, тұрғындарды сабырлыққа шақыру жұмыстарына да белсене араласуда», – деді облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұман.

Бұдан бөлек, Шымкент, Нур-Султан, Алматы қалаларының жастары мен волонтерлық ұйымдардан, республикалық «Jas Otan» жастар қанатынан гуманитарлық көмектер келуде. Бүгінгі таңда волонтерлардың күшімен 10 мыңнан астам медициналық бетперде мен антисептикалық құралдар таратылып берілді.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру