Соңғы жаңалықтар

Жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатқан «Жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» жобасының маңызды бағыттарының бірі жас мамандар арасында –тұрақты семинарлар өткізу. 15 мамырда орыс тілі мен әдебиетінің жас мұғалімдеріне арналған «БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді. Білім беру бөлімінің әдіскері Р.Есімханова дәстүрлі түрде семинарды мұғалімдердің теориялық білімдерін тексеру мақсатында тестілеуден бастады. Содан кейін ол «Сіздің шығармашылық әлеуетіңіз қандай» тақырыбында диагностикалауды өткізді. Дәстүр бойынша семинарға шығармашылықпен жұмыс істейтін аудан мұғалімдері шақырылады, олар жастармен өз тәжірибесін бөліседі. Бұл жолы І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі Майя Ешенқұлова БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Шебер сынып қорытындысы бойынша жас мұғалімдер бұл жұмыс оларға бақылау тапсырмаларын әзірлеу кезінде қиындықтарды шешуге көмектесті деген пікір білдірді. Семинар жас мұғалімдердің кәсіби өсу парақтарына шолумен аяқталды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

Министрлік 34 миллион теңге қайтаруға міндетті компанияны айтты

azatmedia

«Павлодар облысында екпе алмаған зейнеткерлер зейнетақыдан қағылады» – желіде тараған ақпаратқа қатысты тың дерек шықты

azatmedia