Соңғы жаңалықтар

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!»

Аудан көлемінде өткізілетін мәдени, спорттық іс – шаралар жоспарына сәйкес «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндігі шектеулі жастармен дойбы ойынынан өтетін жарыстың Ережесі.

Жарыстың мақсаты мен міндеттері: Аудан көлемінде салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және дамыту. Мүмкіндігі шектеулі жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, өмірге құштарлығын арттыру .Жастардың денсаулығын жақсарту және спортқа ынталандыру. Жастар арасында қарым – қатынасты жандандыру. Ұйымдастырушылар: аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті және спорт бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Қатысу шарттары: Байқауға 14-29 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Өтетін орны мен мерзімі: 2021 жылдың 14 мамырда сағат 10-00-де «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі акт залында өтеді. Сауалдарыңызбен 8-705-682-77-07 Үсен, 8-707-712-23-29 Толғанай, 8-707-743-90-01 Жания, 8-707-030-01-13 Таңат байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады. Марапаттау: Бірінші орын, екінші орын, үшінші орын және ынталандыру сыйлықтары.

Қатысты жаңалықтар

Көкшетауда 1 жасар бала түйреуіш жұтып қойды (ФОТО)

azatmedia

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

2,2 миллионнан астам қазақстандық 21 250 теңгені алды

azatmedia