Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА «ОТБАСЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» ІСШАРАСЫ ӨТУДЕ

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында “Отбасым – мақтанышым” іс-шараларын ұйымдастыру жоспарланды. Бөржар ауыл округінде мерейлі де үлгілі Кемелбеков Дөненбайдың, Жандархан Мелдеханның, Қаржауов Қайратбектің отбасыларымен жас отбасылардың кездесуі өтті.

Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі…”(Әл – Фараби) – дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс. Отбасылар өздерінің өмірлік тәжірбиелерімен, ұл қыздарының тәрбиесімен, отбасындағы өзара сыйластық, ынтымақ пен бірліктің сақталуы мақсатында жасалған тәжірбиелерімен алмасты. Отбасы иелерінің ұл-қыздары, немерелері ата- аналарына арнаған өлең шумақтарын оқыды. Ауыл жастарының өнері тамашаланды. Кездесудің ұйымдастырушылары аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Тайтелиева Гүлия, Бөржар ауыл округінің әкімі Құрымбек Серғали, Бөржар ауыл округінің әйелдер кеңесінің төрайымы Абулдаева Сәлима, Абай ЖОМ директоры Сапарымбет Айжан мерейлі отбасыларына алғыстар, естелік сыйлықтары тапсырылып иықтарына ақ орамалдар жабылды. Кездесуге қатысқан жас отбасылар ризашылық көңілмен тарасты. Тәрбиесі, тәлімі мол осындай іс шараны ұйымдастыру өзге ауыл округтерінде де өтеді.

Қатысты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілді

azatmedia

Көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

azatmedia

Түркістан: Сарыағаш қаласындағы жұмыссыздық деңгейі 3 пайызды құрайды

azatmedia