Соңғы жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Меиржан Мырзалиев жұмыс сапарымен Ордабасы ауданына келді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Сапар барысында «Бадам» индустриялды аймағында автоклавталған газоблокты өндіру зауытының жобасы таныстырылып, оның алғашқы қадасы қаланды. «RZN» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүзеге асыратын бұл жобаның жалпы құны 1,6 млрд. тг. құрайды, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков 2021 жылы Индустрияландыру картасы аясында бұдан өзге тағы 3 жобаның 315 жаңа жұмыс орнымен іске қосылуы көзделгенін атап өтті. Олар: «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің І-кезеңі мұнай-химия өңдеу жобасы, қуаттылығы жылына 1 млн тонна (жалпы құны 24,0 млрд. тг., 200 жұмыс орнымен). «NA Constraction» ЖШС-нің жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы (жалпы құны 2,6 млрд. тг., 100 жұмыс орнымен). «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көкөнәс сақтау қоймасы (жалпы құны 0,8 млрд. тг., 15 жұмыс орнымен).

Қатысты жаңалықтар

40 пайызы көз жұмады – тек ерлер ғана шалдығатын қауіпті ауру анықталды

azatmedia

ШЫМКЕНТ: МОНИТОРИНГТІК ТОП 500-ГЕ ЖУЫҚ ДӘРІХАНАҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ

azatmedia

Қазақстанда алғаш рет сурдоаудармасы бар білім беру порталы іске қосылды.

azatmedia