Өмірінің көпшілігін спортқа арнап, мол жылдарын шет мемлекеттерде өткізген ұлы палуан өз Отанына оралған кісілік шағында, ұлтының қамы мен елінің рухы үшін тынбастан елдегі ұлт зиялыларымен араласып, жиі кездесіп, шамасының келгенінше басқосуларға қатысқанды. Елдегі түрлі жиындар мен іс-шараларға бір кісідей атсалысып қатысып, ел жаңалықтарымен етене байланыста болды.
Оған дәлел музей қорындағы бірнеше фото суреттер арқылы сөйлесек, мысалы 1918 жылы Семейде түсірілген суреттен Қажымұқан және өзге де зиялы қауым өкілдерін М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Абайдың шәкірті, әрі туысы К. Жанатайұлы мен Т.Абайұлы және т.б. кісілерді көруге болады. Қазақтан шыққан атақты әнші, 1825 жылғы экспоның ән өнерінен күміс жүлде иесі Ә.Қашаубаев, қазақтан шыққан тұңғыш әртістердің бірі Қ. Қуанышбаевтармен түскен суреттерінен ақ сол кісілермен бірге өнер сахнасында, жиын-шараларда кездескенін туйсінуге болады. Әрине палуан жайлы әдебиеттерде түрлі авторлардың естеліктерінде бәрі жазылған, кіммен, қай жылы қай кезде, қалай кездескені, бірақта музей суреттерінде дәйек қыла аламыз.
Суретке түскені бар, түспегені қанша? Қажымұқан 1945 жылы Семейде өткен ұлы ақын Абайдың 100 жылдық мерейтойының құрметті қонағы болып қатысып, сол тойда М. Ауезовтен кейін сөз алып, мінберге шығып сөз сөйлеген қарт палуан жас кезінде Абайдың да көзін көргенін, оның өзіне ұлы ақынның әкелік, ағалық ақылын айтып, адамдық, ар мен намыс хақында өсиетін айтқанын әңгіме қылады.
Сөз соңында ол, «Абайдың әрбір өнегелі сөздері мен қағидалары таудың тасындай, егер ол нақ сондай болса, менің күшім оның қасында сол таудың тасының бір бөлігіндей ғана», — деп ұлылыққа баға берген екен. Және де палуанның ұлы екеуінің дәл осы мерейтой барысында өзге қонақтармен бірге түскен фото суреті де бар.