Соңғы жаңалықтар

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЛЕРЕІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Ордабасы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Аққу» балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық әдістерді қолданудың өзектілігі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар үш кезеңді қамтыды. Екінші тәжірибелік кезеңде 10 ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. «Айгөлек» ортаңғы тобы «Үкі апайдың мектебі» атты оқу қызметінде «Кубизм»әдісі, «Миға шабуыл» сияқты әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. «Балдырған» ортаңғы тобы «Күлгін орманның кереметтері» атты оқу қызметінде қолданған әдіс-тәсілдері Воскобович танымдық ойындарын, «Балапан» ересектер тобы «Болашақ студиясындағы жас кәсіпкерлер» атты оқу қызметінде «Лулия» шеңбері, «АКТ» элементтері, «Еркін микрофон» әдісін қолданды. «Қызғалдақ» ересектер тобы «Су асты тіршілігі» оқу қызметінде «Ойланатын алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Галерея», «Кубизм» әдістерін қолданды. «Наурыз» ересектер тобы «Супер маркетке саяхат» қолданылған әдіс-тәсілдері «Квест» ойыны. «Солнышко» ересектер тобы «Су өмір нәрі» қолданылған әдіс тәсілдері «Миға шабуыл», «Зерттеу». «Гүлдер» МАД тобы «Көктем сәні» оқу қызметінде «Пазыл», «Венн диаграмасы», «Кубизм» әдістерін, «Балбөбек» МАД тобы «Балапанмен шыңға шық» атты оқу қызметінде «Зайцев» кестесі, «Мозайка», «Карусел» әдістерін қолданды. «Светлячок» МАД тобы оқу қызметі «Тайнственный мир весов» қолданылған әдіс тәсілдер «Акт» элементтері, «Кино метафр», «Кластер» әдіс тәсілдерін қолданды. Денешынықтыру оқу қызметі «Көңілді олимпиада» спорттық интеллектуалдық сайысында «Ойын технологиясы» әдіс тәсілдерді қолданды. «Аққу» балабақша меңгерушісі Ақсәуле Шойынбаева, әдіскері Райхан Бектұрғанова және барлық педагогтарға алғысымыз шексіз. Ұжымның ынтымағы артып, шығармашылықтары арта берсін!

Қатысты жаңалықтар

Сарыағаш: Жемісті ауылдық округінде кәсіпкерлік сала қарқын алған

azatmedia

Атырауда тағы да жер дауы бұрқ етті

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

azatmedia