Соңғы жаңалықтар

Ассоциациялық топ мүшелерінің отырысы өткізілді

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Молжігіт Гүлжаухар Тұрсынқызының ұйымдастыруымен аудандық бастауыш сынып мұғалімдері арасынан құрылған ассоциациялық топ мүшелерінің отырысы өткізілді. Онда білім стандарты мен оқу бағдарламаларына сай білім беруді жүзеге асырудағы қиындықтар, одан шығу жолдары бойынша қазіргі карантиндік шектеу шаралары кезінде білім беру мен оқыту процесі мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы сөз болды. Сонымен қатар аудан көлемінде іс –тәжірибесі таратылған Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Джусупова Сайераның «Графикалық диктанттың тиімділігі» тақырыбындағы жұмысы тыңдалды «Бастауыш сыныптарда мнемониканы пайдалану арқылы коммуникативтік дағдыларды жетілдіру әдістері» тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулығын жинақтау қорытындысымен Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Маханова Бибінұр таныстырды. АПӘК әдіскері Г.Молжігіт «Оқушылардың оқуға құштарлығын арттыру» жобасымен таныстырып, жобаны іске асыру барысында аудан көлемінде, білім беру ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТААРАЛДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ В ЭТОМ ГОДУ 600 ЧЕЛОВЕК ПОЛУЧИЛИ БЕЗВОЗВРАТНЫЕ ГРАНТЫ

azatmedia

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ

azatmedia