Соңғы жаңалықтар

ӨҢІРДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ САРАЛАДЫ

Ордабасы ауданында жыл басынан бері «Covid-19» жұқпасына шалдыққандар – 33, пневмония диагнозымен тіркелгендер 34 адамды құрады. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жиналыс өткізіп, жағдайды саралады. «Ордабасы ауданындағы халыққа қызмет көрсететін барлық мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарында дезинфекциялау жұмыстарын күшейтуді тапсырамын. Залалсыздандыру дерттің алдын алу үшін жасалуы қажет, ауру тарағаннан кейінгі жұмыстың маңызы жоқ. Біз үшін әр азаматтың саулығы қымбат екенін ұмытпаңыздар», – деді аудан басшысы өз сөзінде. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бахытжан Мырзагелдиев қазіргі таңда ауданға І-компонентті 2955 вакцина, ІІ-компонентті 1648 вакцина жеткізілгенін, екінші компонентті екпені нақты 1413 адам қабылдағанын мәлімдеді.Екпе салу Темірлан, Шұбар, Бадам, Бөржар, Қайнар және Төрткүл ауылдарында арнайы бекеттерде жүзеге асуда.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз. Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ОҚМПУ ЕЛІМІЗДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОО-НЫҢ АРАСЫНДА 3-ОРЫНДА

azatmedia

Еліміздегі діни ахуалдың жағдайы мен оның дамуы

azatmedia

Балабақшада арнайы квота бөлінеді

azatmedia