Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы Сәдібек Түгел және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары мен әкімдік қызметкерлері қатысты.

Өз кезегінде Агенттік өкілі Жазира Жылқышиева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан халқының әл-ауқаты үшін жемқорлықты жоюға бағытталғандығын атап өтті.

Жазира Жылқышиева қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылықтарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігіне аударды.

Нақты тапсырмалар жүктелген жиын соңында ауданда жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі қатаң ескертілді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламамен кәсіп ашып, зор пайдаға кенеліп отыр

azatmedia

Доллар тағы да қымбаттады

azatmedia

Израилда синагогада биік трибуна құлады. Зардап шеккендер көп

azatmedia