Соңғы жаңалықтар

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Шымкентте «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысының кездесуі өтті. Кеңес отырысында «Жастарды қолдау, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бойынша және «Жас отбасыларды қолдау және жастарға қолжетімді баспана» беру бойынша ұсыным жинақталды. Аталмыш мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов баяндама жасады.

Айта кету керек, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласы бойынша жыл басында 300 жас жалдамалы баспанамен қамтылған болатын. Тұрғын үй-коммуаналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлер 5 жылға пайдалануға берілген. Аталған бағдарлама бойынша Шымкент қаласында ағымдағы жылдың қаңтар айында 3648 азамат өтініш білдіріп, 696 азамат конкурсқа жіберілген. Оның ішінде балл көрсеткіші жоғары деп танылған 300 азамат пәтермен қамтылды. Ал өткен жылы аталған бағдарлама бойынша 29 жасқа дейінгі 904 азамат арендалық пәтерге қол жеткізген.

Мәжіліс соңында қалалық партия филиалының жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесіне сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасына талдамалық зерделеу жасау, ондағы белгіленген бағыттар бойынша тоқсан айын көшпелі мәжілістер ұйымдастыру, Шымкент қалалық мәслихатына жастардың өзекті мәселелері бойынша тоқсан сайын ұсынымдар әзірлеу сияқты тапсырмалар берілді.

Қатысты жаңалықтар

Қабланбек ауылдық округіндегі медицина мекемелері табиғи газбен толық қамтылған

azatmedia

Канадада Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына орай веложарыс өтті

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «КАТКО» КОМПАНИЯСЫ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

azatmedia