Түркістан облысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы Сәдібек Түгел арнайы жұмыс сапарымен келді. Адалдық құндылығына негізделген мақсатты жиын, ең алдымен жас буынды ізгілікке жетелейтін Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында ашылған «Парасат жолы» орталығында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өтті. Бұдан бөлек, игі шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы Мархабат Байғұт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, филология ғылымдарының кандидаты Ақжол Қалшабек және кітапхана қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.Орталықтың жұмыс барысымен танысқан республикалық жоба жетекшісі Сәдібек Түгел ел аумағында ашылған «Парасат жолы» орталығының негізгі мақсаты – ұлттық мәдениет пен тағлымды тарихты, тұнық тәрбие мен өнегелі әдебиетті насихаттау арқылы қоғамда әділдік қасиетін қалыптастыру және адалдық идеялогиясын ілгерілету екендігін жеткізіп, балалар кітапханасында орналасқан орталықтың ел жастарын ізгі істерге жетелеуге тигізер үлесінің жоғары екендігін тілге тиек етті.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық