Соңғы жаңалықтар

Келесі президенттің есімі атала бастады

Саясаткерлер алаңға барып, халықтың алдында сөз сөйлей бастады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында митинг әлі жалғасып жатыр.  2018 жылы 11 жылға сотталған экс-депутат Садыр Жапаров митингке қатысқандар тарапынан бостандыққа шыққан.

“Мен үш жарым жыл түрмеде отырдым. Сіздердің арқаларыңызда бостандыққа шықтым. Біз бір нәрсені еске сақтайық: қырғызбыз ба, орыспыз ба, өзбекпіз бе, бәріміз бір елде тұрып жатырмыз! Бәрін заң аясында шешейік. Қазір тарауымыз керек. Күшпен ештеңе шешпейміз. Бәрібір заңсыз болады”, – деді экс-депутат.

Садыр Жапаровты халық зор ықыласпен қабылдады. Саясаткердің пікірінше, парламент болашақта бір палаталы болғаны дұрыс.

Айта кету керек, алаңдағы мінберден сөйлегендердің арасынан Садыр Жапаровты президент етіп тағайындау туралы ұсыныстар да айтылды.

Қатысты жаңалықтар

МУРАТ АЙТЕНОВ: НЕОБХОДИМО ОСВЕТИТЬ УЛИЦЫ ПО ПУТИ В ШКОЛЫ И ДЕТСКИЕ САДЫ

azatmedia

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті

azatmedia

Алматыда Құран оқытуға барған бозбала мешітте зорланды (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру