Саясат Соңғы жаңалықтар

«Заң сондай, премиямыз заңды» – Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде жауап берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі депутат Перуашевтің БАҚ-та жарияланған өтініші бойынша ақпарат берді, – деп хабарлайды zakon.kz.

Хабарламада былай делінеді:

Бірқатар БАҚ-та Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан ақпарат жарияланды: «Перуашев: Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері өздеріне 15 миллион сыйақы алып жатыр».

Осыған қатысты министрлік мынаны мәлімдейді: сыйлықақы төлемдері қатаң түрде қолданыстағы заңнаманың, атап айтқанда «Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлық ақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Осыған байланысты, 15 млн теңге мөлшерінде төленген сыйлықақыларға қатысты ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтеміз. Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтқан фактінің Денсаулық сақтау министрлігіне ешқандай қатысы жоқ, – делінеді хабарламада.

Қатысты жаңалықтар

Қазақ діни ойшылдарының мұрасындағы ақида

azatmedia

ШАХМАТ ЖАРЫСЫНДА 20 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙ МЕКТЕПКЕ БҰЙЫРДЫ?

azatmedia

Тұрғындар Парижден жаппай кетіп жатыр

azatmedia