Соңғы жаңалықтар

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан «Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шығып жүргенінің тағы бір дәлелі, Темірлан ауылының тұрғыны, аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген Р.Ерсұлтан– тұрғылықты мекенжай бойынша өзінің қызын тіркетуге көмек сұрап келген болатын.«Nur Otan»партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Ә.Бердімұрат аталған жағдай бойынша жедел әрекет етіп, тиісті мекеме басшыларына хабарласып, бұл азаматшаның мәселесін оң шешуге ықпал жасады.Нәтижесінде:Мекенжай базасына түзетулер енгізіліп, Р.Ерсұлтан тұрғылықты мекенжайы бойынша өзінің қызын тіркеп алды. Алғысын білдірген ауыл тұрғыны Р.Ерсұлтан партияның тарапынан көрсетілген игі іс үшін ризашылық білдіріп, партия қатарына өткісі келетіндігін жеткізді. Сонымен қатар Шұбар және Ынталы ауылының тұрғындары Б.Жанызахов, Д.Баймаганбетова «Nur Otan» партиясы қатарына қабылдауды сұранды, бұл азаматтардың өтініштері орындалатын болды. Төртінші болып қабылдауға келген Ынталы ауылының тұрғыны А.Орынтаева мемлекеттен жер телімін қалай ақысыз алуға болады деп кеңес сұрады. Бұл азаматшаға Қазақстан Республикасының заңы аясында толыққанды егжей-тегжелі жауап берілді.

Қатысты жаңалықтар

Елімізде сүттің бағасы қымбаттады

azatmedia

Қоғамдағы дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтар

azatmedia

ОРДАБАСЫДА ОҚУ ЖЫЛЫН 1823 ТҮЛЕК АЯҚТАДЫ

azatmedia