Соңғы жаңалықтар

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ҮСТІНДЕ

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бедімұрат Әлиасқар және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері — Комиссия төрағасы, аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Райымбеков Ғани, Партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, «Шұбар» БПҰ төрағасы Бекбосын Бахытжан, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіқайымұлы Тұран, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сарапшысы, Партиялық бақылау комиссиясының хатшысы Абдурасилов Жантөре, аудандық мәслихаттың депутаты Абуқайыров Әділет Темірландағы Амангелді атындағы жалпы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді. Құрылыс жұмыстарының мердігері «ЖШС «Кокше» Строй плюс». /Басшысы Ержігіт Д.Б. участок басшысы А.Назарқұлов/. Нысанды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Тапсырылу уақыты сәуір айы деп белгіленген. Комиссия төрағасы Райымбеков Ғани жұмыс сапасына ескертулер жасады. Комиссия мүшелері құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысын алдағы уақытта бақылауда ұстайтын болады.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы инста-той өтеді

azatmedia

«Ұн қатты қымбаттап кетті» – тұрғындар неге алаңдауды?

azatmedia

Дәстүрлі құндылықтарды ұстану борышымыз

azatmedia