Соңғы жаңалықтар

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, педагогикалық – әдістемелік кабинетінің әдіскері С. Реңдібаеваның ұйымдастыруымен математика, физика пән мұғалімдеріне «Төрткүл» жалпы орта мектебінде «Жаңартылған бағдарлама: ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында «ZOOM» платформасы арқылы аудандық семинар өткізілді. Семинар барысында математика пән мұғалімдері Түгелбай Төлеген мектеп тарихымен, Сағымбекова Ғазиза математика және физика бірлестіктерінің жетістіктерімен таныстырып өтті. Б.Болғанбай «Физика пәнінде баланың ғылыми жұмысқа қызығушылығы: шығармашылық пен тәжірибе», Ә. Артықбай 10 сынып оқушысының жетекшісі Қ.Орынбаева «Геометрия және өнер» ғылыми зерттеу жұмысы», Т.Түгелбай «Математика пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыруда критериалды бағалауға арналған тапсырмалардың маңызы», Ұ.Оңалбаева «Физика пәнінен Қашықтан оқытудың classroomәдісі», Ғ.Құрасынова «Математика сабағында wordwall.net бағдарламасын қолданып тапсырмаларды құрастыру», Ғ.Сағымбекова «Қашықтықтан оқыту барысында PISA тапсырмаларын қолдану» тақырыбында баяндамалар жасап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар ұсыныс пен жақсы пікірлерін, тілектерін айтып, кері байланыс жасалды.

Қатысты жаңалықтар

Бағдары айқын, халық сұранысымен үндескен саяси жауапкершілігі мол құжат

azatmedia

БӘЙДІБЕК: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАҒА СӘЙКЕС АУДАНЫНДАҒЫ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН АУЫСТЫРЫЛАДЫ

azatmedia

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

azatmedia