Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда электр энергиясы айтарлықтай қымбаттады

Azat-media.kz2020 жылдың желтоқсанында электр энергиясы былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайынғы өсім Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына көбірек сезілді. Ал Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тарифтер өзгермеді.

2020 жылы елде сағатына 107,9 миллиард киловатт электр энергиясы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,9 пайызға көп. Ал электр қуатын тұтыну екі пайызға артты, бұл – сағатына 107,1 миллиард киловатт.

Электр энергиясы Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көбірек шығарылса, тұтыну көлемі бойынша Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары алда.

Қатысты жаңалықтар

Ордабасы ауданында салтанатты шара өтті

azatmedia

1 қыркүйек алдында бала иммунитетін қалай көтеруге болады

azatmedia

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

azatmedia