Түркістан қаласының тұрғындарының назарына электронды темекінің зияндылығы, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресі туралы ақпараттарды ұсынамыз.
Жасөспірімдердің темекі шегуі қазіргі уақытта маңызды медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық проблемалардың бірі болып табылады. Жасөспірімдер темекі шегіп, кейіннен алкоголь мен есірткіге әуестеніп, девиантты мінез-құлықтың алғашқы белгілерінің пайда болуы мәселесі ерекше назар аударады. Біздің елімізде және шетелде жүргізілген көптеген медициналық зерттеулер темекі шегудің адам ағзасының барлық жүйелеріне зиян келтіретінін және физиологиялық, психологиялық тәуелділікті тудыратынын дәлелдеді. Темекінің негізгі белсенді әсері – никотин.
Алдымен әртүрлі жүйелер мен органдардың тітіркенуі мен қозғыштығының жоғарылауы байқалады, содан кейін бұл жағдай депрессиямен ауыстырылады. Тұрақты темекі шегу, әдетте, бронхитпен қатар жүреді, ол кейін жөтел арқылы сұр, лас қоңыр қақырықты шығарады. Бірнеше жыл бұрын дүкен сөрелерінде бумен дем алуға арналған құрылғылар пайда болды. Вейптер мен электронды темекінің танымалдылығының артуы денсаулыққа нақты қауіп төндіруде.Вейп сұйықтықтарының құрамында улы заттардан басқа, никотин бар, ол адамды тәуелділікке итермелейді.
Вейптің құрамындағы хош иістер адамның өкпесіне қауіпті, олар бронхтар мен өкпе тіндерінің қабынуы мен зақымдалуына әкелуі мүмкін. Электрондық темекідегі хош иістер мен басқа улы заттардың адам ағзасына толық әсері әлі толық зерттелген жоқ. Қазір мектеп оқушылары арасында электронды темекі шегу сәнге айналуда. Вейптер мен электронды темекі кәмелетке толмағандардың денсаулығына қауіпті. Көптеген қоспалар, темекі өнімдері сияқты, никотинді қамтиды, сондықтан кез келген темекі өнімдері сияқты ағзаға зиян.
Сонымен қатар, вейперлер денсаулыққа зияны жоқ дегенге сенімді, олар классикалық темекі шегуден гөрі жиі тартып, никотинді көп мөлшерде қабылдауда. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, бұл ата-ананың басты міндеті. Сол себепті ата-аналар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, олардың күнделік немен шұғылданып жүргендерін, бос уақытта немен айналысатынын қадағалап отыруы тиіс.Ұрпағыңды мың бір пәледен қорғау үшін адамның санасы таза болуы керек. Сана өзгермей, қоғам өзгермейді. Соңғы жылдары ұрпағымызға төнген қауіп көбеймесе азаймай тұр. Сондай қауіптің бірі – электронды темекіге деген әуестік.
Қазір жастардың арасында ауызекі сөзге айналған жаңа сөздер пайда болды. Оған әлеуметтік желі термині деп аса мән бермеуіңіз мүмкін. Алайда ұрпағыңыздың болашағына балта шабатын «снюс», «вейп», «е-қаламның» артында электронды темекіге деген әуестік тұрғанына алаңдамасқа болмас.Негізінен, темекінің осы түріне деген әуестік ең алдымен жәй қызығушылықтан басталғанын балаңыздың өзі білмей қалады. Ірі сауда орталықтарында түрлі-түсті етіп безендірілген, дүкен сөрелерінде қорапшадағы кәмпит пен сағыздың арасында жатады. Оған еркісіз қол созған бала қызығып пайдаланса, кейін оның тұтқынына айналып та үлгіргенін өзі білмей қалады. Мамандардың сөзіне құлақ ассаңыз осы электронды темекі адамның денсаулығына өте қауіпті. Бұл туралы tirshilik-tynysy.kz-ке сілтеме жасаған anyqtimes.kz жазады.
Себебі, химиялық қоспадан жасалатын сұйықтықта никотин болады. Аса қауіпті никотинді шамадан тыс қолданған ересек адамның өзі уланып қалуы мүмкін. Ал жас ағзаның жәйін біле беріңіз, қандай болатынын.Темекінің жаңа түрі деп сипатталатын электронды темекіні «бір реттік темекі» дейді. Негізінен, әлем елдерінің көп жерінде бұған тыйым салынған. Заманауи атауы да жоқ емес. «Вейп», «снюс» деп атау алған темекіге балалар мен жасөспірімдердің тәуелді болуы көп елдерді алаңдатып отыр. Ал дін өкілдері темекі шегуді харам дейді. Оны бұлай айтудың негізгі бірнеше себебі бар. Ең бастысы, денсаулыққа зияны, адамның әлін кетіретін зат, жағымсыз иісі жанындағы өзгелерге зиян тигізуі және ысырапшылдық. Бұл пікірмен денсаулық сақшылары да келіседі. Яғни, электронды темекінің зияны кәдімгі темекіден кем түспейтіні ғылыми тұрғыда дәлелденген.Түсінікті тілмен айтқанда, қыздырылатын табак – электронды темекіні көбіне ересек адамдар кәдімгі темекіні тастау үшін тұтынып жүргендерін айтады. Бірақ бұл – қате пікір. Электронды темекіге деген тәуелділікті жеңу әлдеқайда қиын. Оның құрамындағы химиялық қоспа адам психологиясына кері әсерін тигізіп, үнемі қолданбаса, миында ауытқу пайда болады және өзін-өзі ұстай алмайтындай дәрежеге жетеді.
Әлем бойынша электронды темекіге әуестік жасөспірімдер арасында кең етек жайып барады. Әсіресе, мектеп оқушылары арасында қоғамдық орындарда жүріп ашықтан-ашық тұтынатындар жоқ емес. Ең өкініштісі, бұл жаман әдет жұқпалы ауру тәріздес адамдар арасында жылдам тарап барады. Мұның себебін ең алдымен, әлеуметтік желімен байланыстырамыз. Әлеуметтік желіге байланған жастар заманауи әндерді айтатын «жұлдыздардың» қолында микрофон емес, түтіні будақтаған құрылғыны көріп, оған деген қызығушылықтарын одан сайын оятуда. Еліктегіш келетін жасөспірімдер электронды темекіні іздеп жүріп тауып алып, оның дәмін бір татып көргеннен кейін-ақ қалай байланып қалғандарын білмей қалады. Электронды темекі деп жұмсартып айтқанымызбен оның соңы есірткіге тәуелділікке дейін жеткізуі мүмкін.
– Электронды темекіні кеңседе, жұмыс істейтіндер ғимарат ішінде отырып пайдалана береді. Бұл кәдімгі темекіні тастауға көмектеседі деген оймен. Дегенмен бұл – қате түсінік. Ал жастарды қызықтырып жатқан электронды темекінің жарнамасы жақсы дамыған. Саудасы қызып тұрған затты әкеліп сататындардың да көбеюі сұраныстың артуынан. Оның зардабы дәстүрлі темекіден де асып түседі, жүрек-қан тамырларына зақым келтіріп, өкпенің қатерлі ісігіне дейін әкелетін темекі түтіні бауырдың жұмысын тежейді. Адамның психикасына да әсер етіп, адамды тәуелді ететін де темекі құрамындағы никотин, – дейді нарколог Қ.Жұмабеков.
Жарнама демекші, атауы құлаққа түрпідей тиетін «е-темекі», «вэйптер», «е-қалам» – электронды темекінің бірнеше түрі. Бұған осы темекіден зияндығы асып түспесе, кем түспейтін никпэк, снюсты тағы қосыңыз. Электронды темекіде батарея, қыздыру құрылғысы және құрамында никотині бар сұйықтық немесе пластинкаларға арналған контейнер орнатылған. Ал вэйптің құрамында резеңкені жасайтын улы зат бар. «Формальдегид» атты химиялық зат адамның ағзасына енгеннен кейін бауырға барып жиналады. Шылымнан шығатын хош иістер айналасында отырған адамның да ағзасында аллергияны қоздыруы әбден мүмкін. Айналып келгенде, ешқандай пайдасы жоқ, керісінше зияны шаш етектен болатын темекіден ұрпақты қорғау – кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, арнайы заң арқылы ел аумағында электронды темекіні сатуға тыйым салу керек-ақ.Соңғы жылдары дүкендерде темекі өнімдерін ашық түрде сатуға тыйым салынды. Сөрелерге қойылған өнімнің бетін жауып қояды. Тұтынушы сұрағанын ғана алып беретін сатушы жасы 21-ге толмаған адамға темекіні сатуына Заңмен тыйым салынған.
Жыл сайын елімізде халықаралық темекі шегуден бас тарту күні белгіленіп, ол қараша айында аталып өтіледі. Бұл күнтізбеде 1977 жылдан бері атаулы күн ретінде белгіленген. Арнайы күнді бекіту – адамдарды темекіге деген тәуелділіктен арылту, зиянды әдетпен күресуге қоғамның әрбір мүшесін көптеп тарту мақсатын көздеген.Иә, жаман әдеттен арылу оңайға соқпайды. Дегенмен өз-өзіне деген сенімділік қандай қиындықты болса да жеңіп шығуға мүмкіндік беретін жақсы қасиет. Ең бастысы, адамда сананың тазалығы, саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылыс болса болғаны.