Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжіліске қоғам қайраткерлері, ардагер журналистер, жергілікті телеарна басшылары, ақпараттық портал және баспасөз басылымдарының бас редакторлары мен журналистер қатысты.Жиында қала әкімі ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізудің маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен байланыс орнату барысында халыққа жедел ақпарат берудің маңыздылығын айтып, түсіндіру жұмыстарын сапалы, нәтижелі жүргізуді ерекше тапсырды. Осыған орай, 2020 жылғы 30 қыркүйекте Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі мақсаты бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті атқарушы органның өзара іс-қимыл тиімділігін жоғарылату, мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ арқылы халыққа ашық түрде жеткізілуін қамтамасыз ету, -деді шаһар басшысы.Кеңесте баяндамашылар күн тәртібіне сәйкес, атап айтқанда – қала аумағындағы коронавирустық инфекцияның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар; мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, энергетика және коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта атқарылатын жоспарлар туралы өз баяндамаларын ұсынды.Мәжіліске қатысушылар өз сұрақтарын қойып, соңы жарыссөзге ұласты.Отырысты қорытындылаған Мұрат Әйтенов жиылғандарға кеңес жұмысына үлкен жауапкершілік таныту қажеттігін айтты.
Келесі жаңалық