Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ СҮТТІ ІРІ ҚАРА КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы, оның ішінде сүтті бағыттағы ірі қара өсіру қарқынды дамып, сүт өнімінің көлемі артып келеді. Өткен жылдың 9 айында сиыр сүтінің көлемі – 36 987,0 тонна болса, биыл 38 259,3 тоннаға жетіп, 3,4 пайызға артты.Бүгінде Шымкент қаласында осы бағыттағы шаруашылыққа мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруаның бірі Каримжан Эгамназаров. Қаладағы сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара өсіріп отырған жалғыз қожалық осы ЖК «Эгамназаров» шаруа қожалығы.Өткен жылдың қараша айында Голландиядан әкелінген 35 бас асыл тұқымды «Голштин» ірі қара малының аналық басынан сүт алуды бастаған қожалық биыл Венгриядан тағы 35 асыл тұқымды ірі қарамен көбейтіп отыр. Қазір қожалықтағы 70 бас асыл тұқымды ірі қараға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, 16,1 млн. теңге субсидия берілген. –Шеттен әкелген асыл тұқымды ірі қара малдың көбі төлдеді. Алдағы уақытта шаруашылық қора – жайын кеңейтіп, сүтті бағыттағы мал басын көбейтуді жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер. Заманауи технологиялармен жабдықталған фермада бір сауын сиыр тәулігіне 24 литр сүт береді. Ал қожалық жылына 600 тонна дейін сүт өндіруге қауқарлы.

Қатысты жаңалықтар

«Шешініп сүйісуден қорықпаймын» – атышулы Ұлдана неліктен эфирден қуылғанын айтты

azatmedia

Үздік смартфондардың рейтингі шықты

azatmedia

«Енем өтірікші әйел»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Мөлдір ажырасқалы жатыр

azatmedia

Пікір қалдыру