Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы діни мерекелер және Рухани келісім күні

Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІ сессиясында мұсылмандық – «Құрбан айт мерекесі» және православиялық – «Рождество мерекесін»  2001 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес ресми мерекелердің қатарына қосылды.

Сонымен қатар, жыл сайынғы 18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады.

Бұл мемлекет азаматтарының өзара татуластығы мен достығының арқасында орнады. Халықаралық  деңгейде мойындалған Қазақстан қоғамындағы рухани келісім мен өзара түсіністік – ел дамуының басты тетігі.

Мемлекеттің Ата заңымен бекітілген зайырлылық сипаты – оның іргетасы, мемлекеттің ерекше сипаты. Зайырлылық қағидаты – азаматтардың дүниетанымында, көзқарасы мен діни ұстанымында, күнделікті өмірінде ерекше орын алатын құбылыс.

Ең бастысы еліміздегі конфессияаралық және этносаралық толеранттылық – ата-бабаларымыз салып кеткен сара жол.

Еліміздегі діни ұстаным қоғамның бойына зайырлылық пен зиялылықты, имандылық пен салауаттылықты, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеп, оларды этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды құрметтеу мәдениетіне, дүниетанымдылық пен төзімділікке және этикалық әдетпілікке қалыптастырады.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «САУРАНДА» 88 МӘСЕЛЕНІҢ 82-СІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

azatmedia

ҚАЛА ӘКІМІ XXXII ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІНІҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

azatmedia