Қасиетті құт мекенде сауапты істер қатары жалғасуда. Бүгін ауданымыздың «Nur Otan» партиясы филиалының беделді мүшесі Бейбіт Тулешев есімді кәсіпкеріміз партия тарапынан іске асып жатқан «Өмір» және «Шипа» жобалары аясында орталық ауруханаға екі жасанды тыныс алу аппаратын тарту етіп, өз алма бауының бір күндік терілген алмасын сол жердегі дәрігерлерге және ем қабылдап жатқан науқастарға таратты.Жомарт жан аймағымыздағы коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы естіп дереу кішкене болса да дайындық жұмыстарына үлесімді қосайын деп осындай қадамға барғанын алға тартады. Және де қиын кезеңде жаман індетпен күресте бар күш-жігерлерін жұмсаған аурухана дәрігерлеріне шексіз алғысын айтып, арнайы күні кеше баудан терілген тәттілігі тіл үйіретін 2 жеңіл көлік алманы үлестірді. Естеріңізге сала кетейік аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен пандемияның қиын шағында түлкібастық еріктілер оттегі коцентраторының 42 данасын, 360 дана арнайы медициналық қорғаныш киімін, 210 дана оттегі балонын, 5 дана автоматтандырылған кір жуу машинасын, 22 пулсоксиметр және бөлме-палаталарды залалсыздандыруға қажетті кварц лампаларын табыстаған. Сондай-ақ, аудан еріктілері қауырт кезде медицина саласының қызметкерлеріне түскі ас үлестіру ісін ұйымдастырды.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық