Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қала мектептері оқушыларының арасында «Құнды құжат» байқауы өткізілді. «Құнды құжат» байқауы Ұлы Отан соғысына қатысқан сарбаздардың жазған хаттары мен олардың майдандағы фотосуреттерi, күнделiктерi, т.б. құжаттарын жинауға арналды. Байқаудың мақсаты – жеке азаматтардың қолындағы тарихи құжаттарды мүмкiндiгiнше жинап, өңiрлiк архивке өткiзу. Байқауға жалпы орта білім беретін ұйымдардан 11 өтініш түсті. Талап бойынша байқауға қатысушылар соғыс ардагерлерінің әскери билетінің көшірмесін, майданнан жазылған хаттар, қаза тапқандарға келген «қара қағаз» сияқты дәлелдер ұсынды. «Құнды құжат» байқауы бойынша барлық жұмыстарды жан-жақты сараптай келе, қазылар алқасы №41 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Мұстафа Аянатты 1 орын иегері деп таныды. Ал №96 жалпы орта білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Жолдабек Нұрдәулет 2 орынға лайық деп табылса, №65 мектеп – гимназияның 10 сынып оқушысы Кенжебек Мағжан 3 орынды иеленіп, Әдістемелік орталықтың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Қалған қатысушылар құжаттарын қайта толықтырып, зерттеу жұмыстарын ары қарай жалғастыратын болды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ТҮСЕТІН АРЫЗ-ШАҒЫМДАР САНЫ АЗАЮДА

azatmedia

РЕШЕНЫ 98% ЖАЛОБ, ПОСТУПИВШИХ В ЦЕНТР «IKOMEK 109» ЗА ГОД

azatmedia

ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚТАР

azatmedia