Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ 2042 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ

Түлкібас ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспары» бойынша 2020 жылдың 1 қазан айына 2042 азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бағдарламаның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.2042-нің ішінде жұмыссыздар саны 1373 азамат, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 216, 453-і жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар қатарынан. 442-і аз қамтамасыз етілген отбасынан, 752-і жастарды, 59-ы мүмкіндігі шектеулі жандарды құрап отыр.Бағдарлама аясында тоқсан азаматқа несие беру жоспарланған. Бүгінгі күнге 29 азаматқа беріліп отыр. Оның ішінде 2-і мүмкіндігі шектеулі жандар.Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 209 азаматқа беру межеленген болса, қазіргі таңда 172 азаматқа қайтарымсыз грант берілді. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 116 көпбалалы отбасы.Бұл – өз кезегінде жеке кәсібімді ашып, дөңгелетемін деген түлкібастықтарға үлкен қолдау болып отыр. 

Қатысты жаңалықтар

Жер жүзіне палуандықпен атын жайған… қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар?

azatmedia

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

Дау тудырған заң жобасын депутаттар қайтарып алды

azatmedia

Пікір қалдыру