Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Мамандардың болжамына сәйкес биыл қыс мезгілі жылдағыдан қатты болады деп күтілуде. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында басты мәселе аудан аумағындағы жолдардың қыс мезгіліне дайындық барысын пысықтау болды.Аудан аумағында жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 841,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде: республикалық маңызы бар – 89,2 шақырым, облыстық маңызы бар – 242,9 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 96,6 шақырым, елді мекендердің ішкі көшелері – 442,6 шақырым. Аталмыш жолдарды қыс мезгілінде қардан тазалау жұмыстарын 3 мекеме және ауыл әкімдігі тарапынан арнайы техникалар іске асырады.Аталған мекемелердің қысқа дайындығы бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Нұрлыбай толыққанды баяндап шықты. Сонымен қатар, күн тәртібінде келесі мәселе бойынша бюджеттің игерілуі және болжамды орындалуы мен салық түсімдері туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Есембаева баяндады.Жиынды қорытындылаған аудан басшысы қыс мезгіліне дайындық басты назарда екенін алға тартып, ауыл әкімдері мен жол тазалығына жауапты мекеме өкілдеріне қазірден бастап тыңғылықты дайындық жүргізуді тапсырды. Салық түсімдерін төмен деңгейде орындаған округтерді сынға алып, салаға жауапты салық мамандарына тәртіптік шара көруді тапсырды. Сондай-ақ тазалық мәселесі де күн тәртібінде көтеріліп, «Батыс Еурапа-Батыс Қытай» автомобиль жолынының бойында орналасқан Тұрар Рысқұлов ескерткішінің аумағына 2 дана қоқыс жәшігі мен бейне бақылау камерасын орнатуды Рысқұлов ауылдық округі әкіміне жүктеді.Аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтар өз жұмысын күшейтілген режимде жалғастыратының да атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

«HR-PROCESS» – ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

azatmedia

ЖАҢАРҒАН ЕЛДІМЕКЕН

azatmedia

China’s Banking System Won’t Collapse, Former Bank Director Says

azatmedia

Пікір қалдыру