Соңғы жаңалықтар

Полиция лейтенантын қораз теуіп өлтірді

Полиция лейтенанты жауынгер қораздың шабуылынан қаза тапты. Оқиға Филиппиннің Солтүстік Самар провинциясында болды, – деп жазады aikyn.kz сайты PNA сілтеме жасап.

Полиция қызметкері Кристиан Болок қораздар жекпе-жегін заңсыз өткізген орынға тексеру жүргізген.  Аяқ астынан сондай тауықтардың бірі  оған шабуыл жасаған.

«Жұқа ұстара кигізілген қораз лейтенантты сол аяғынан ұрып, оның сан тамырын зақымдаған. Ауруханаға жеткізгенмен, ол көп қан жоғалтқандықтан қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Кристиан қатысқан рейд кезінде полиция қораздар жекпе-жегін заңсыз ұйымдастырған үш адамды ұстады, олардан жеті қораз алынды. Тағы үш күдікті қашып кеткен. Олардың жеке басы анықталды.

Қатысты жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: АУЫЛ ЕЛ БЕСІГІ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ШАЛДАР АУЫЛЫНДАҒЫ ЕКІ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

azatmedia

БАУЫРМАЛДЫҚ ПЕН ЖОМАРТТЫҚ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНАН ДАРЫҒАН

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА МӘУЛІТ КЕШІНДЕ 6 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру