Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

…Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

500000

Azatmedia.kz. Бүгін Алматы облысының бас санитарлық дәрігері брифинг берді. Ерғали Сыдыманов Алматы облысында соңғы уақытта коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz ақпараттық агенттігі

— Осы апта рейдтер жүргіздік, ресторандар мен кафелерде той болып жүргенін анықтадық. Негізі осындай шараларда ауру көп жұғады. Соңғы жеті күнде 100 мың адамның үштен бірі ауру жұқтырып отыр. Біз карантинді жалғастырып, шектеу шараларын қолданамыз. 30 орындықтан көп әлеуметтік тамақтандыру орындары жабылады және мектепке дейінгі мекемелердің жұмыстары тоқтатылады. Тек 15 адамнан тұратын кезекші топ қалады, — деді Ерғали Сыдыманов.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, басқа да мәдени, ойын-сауық нысандарының жұмысы шектеледі. Бас дәрігер әсіресе, діни сенімі бар адамдардан мешіттер мен шіркеулерге бармауды сұрады.

— Қазір не үшін онда барады түсінбеймін. Адамдардың сенімін құрметтеймін, бірақ құлшылықты үйде де жасауға болады ғой. Әсіресе, жөтеліп, ыстығы көтеріліп барып, Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін, — деді Ерғали Сыдыманов.

Қатысты жаңалықтар

Kaspi бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

azatmedia

«ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТА!» акциясы өткізілді

azatmedia

«Күзде коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші артады» – ДДСҰ

azatmedia

Пікір қалдыру