Соңғы жаңалықтар

«Енді қайтып келмесең болады» – Ерке Есмахан кімге ренжулі?

Azatmedia.kz. Қазақ эстрадасының жұлдызы Ерке Есмахан өзінің инстаграм желісіне арнайы пост жазды. Өнер иесі өзге отандастары шектеулерден шаршап жүрген кезде, керісінше бұл сәттің өмірін түбегейлі өзгерткенін алға тартты. Әншінің сөзінше, карантин оған көп нәрсені үйреткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан карантиннің арқасында өмірге басқаша қарайтын болғанын жеткізді. Әнші шектеу шараларына толы уақыт оның ғана емес, барша адамзатқа ерекше өзгеріс алып келгенін айтты. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында осы тақырып аясында жазба жариялап, карантинге деген өз алғысын жеткізді.

«Карантин көп нәрсені үйретті. Бірінші байлық денсаулық жәй сөз болып еді, осы жылы бұл даналықтың тым актуалды екенін көрдік. Жұмыс, жұмыс дей бермей жақыныңа көңіл аудару керектігін ұғындырды. Ал жұмыс кез келген уақытта тоқтай салады екен. Карантин адамдардың жалғыз болмау керектігін, адамға адам керектігін ұқтырды. Карантин, саған рахмет! Бәрін түсіндік! Енді қайтып келмесең болады» , – деп жазды Ерке Есмахан.

Қатысты жаңалықтар

Pea Milk Hits US Supermarkets, Threatening Dairy Industry

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ 368 СЕМЕЙ БУДУТ ОБЕСПЕЧЕНЫ ЖИЛЬЕМ ДО КОНЦА ГОДА

azatmedia

НЕСИЕЛІК БАҒЫТТА ТҰРҒЫН ҮЙ САТЫП АЛУШЫЛАР САНЫ АРТУДА

azatmedia

Пікір қалдыру