Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр. Қазақ халқының басқа діндерге деген құрметі, толеранттылығы мен өзара түсіністігі маңызды біріктіруші факторға және мемлекеттілікті тұрақты дамытудың, елдегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты шартына айналған мемлекет. Осы ұстанымға сәйкес Түлкібас ауданында 29 ұлттардан құралған, түрлі дінді ұстанған әралуан халықтар өзара келісім мен татулықта өмір сүріп келеді. Түлкібас ауданы бойынша қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру және этносаралық татулықты нығайту мақсатында аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен және Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Рысбеков Ғани Құрмашұлының қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, ардагерлер, қоғамдық келісім кеңестерінің, этномәдени орталықтарының төрағалары және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Ауылдық округ, кент әкімдерімен ауылдың билері және ауыл ардегерлері бейне конференция арқылы сұқбаттасты.Жиын соңында, көп жылдар бойы этносаралық татулықты нығайтуда өз үлестерін қосқаны үшін «Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерекелік медалімен» – аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев, аудандық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Анашев, ауданның Құрметті азаматы М.Миркадиров марапатталды.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық